Еліміз коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өтті.
Қазақстанда 6 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Матрицаға сәйкес, Ақмола және Павлодар облыстары "қызыл" аймақта тұр.
Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары – "сары" аймақта.
Өзге өңірлер мен қалалар – "жасыл" аймақта тұр.
Сондай-ақ, қазіргі таңда Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өтіп отыр.


