Дәлелсіз: «Дәрігерлер COVID-19 жұқтырған науқастарды ауру емес, өздері өлтіріп жатқандарын мойындады»

0
746

COVID-19 жұқтырған науқастарды өлтірді деген жантүршігерлік ақпарат желіде биылғы жылдың наурыз айының басында тарады.


Дәлелсіз: «Дәрігерлер COVID-19 жұқтырған науқастарды ауру емес, өздері өлтіріп жатқандарын мойындады»

Қастандық теориясын жақтаушылар Желіде COVID-19 өлім-жітімнің жоғары болуы – ауру салдарының емес, дәрігерлердің сөз байласуының нәтижесі деген теорияға «растау» тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Олар румын ауруханаларының бірінің бұрынғы медбикесінің мәлімдеме жасаған жаңалықтар сюжетін таратуда. Онда ол мекеме қызметкері ретінде адамдарды өлтіруге мәжбүр болғанын мойындайды. Оқиғаға толық тоқталып, оның COVID-диссиденттер теориясын неге растамайтынын түсіндірейік.

Румынияда Сибиу қалалық ауруханасында COVID-19 жұқтырған науқастарды өлтірді деген жантүршігерлік ақпарат Желіде ағымдағы жылдың наурыз айының басында тарады. Бұл туралы бұрын клиникада жұмыс істеген медбике мәлімдеді. Оның айтуынша, дәрменсіз науқастарды төсекке байлап, седативті препараттар беріп, еш көмек көрсетпей қалдырған. Сондай-ақ, оның сөзінше, өзі де ауыр науқастарды өлтіруге мәжбүр болған. Айта кетейік, хабарлама анонимді түрде жасалды және ауруханада болған қорқынышты жайттарға ешқандай дәлелдер келтірілген жоқ. Клиника басшысы айыптауларға «кейбір пациенттердің өлімі терапевтік препараттардың жетіспеушілігінен болды деген айыптаулар анонимді шағымдар призмасы арқылы емес, мамандандырылған медициналық процедураларды білетін адамдардың дәлелдемелерімен және талдауларымен расталуы керек» деп жауап берді.

Сондай-ақ, ол пациенттердің қимылсыз қалуы және седациясы қарқынды терапия бөлімшелерінде науқастар өздеріне зиян тигізбеуі үшін қолданылатынын түсіндірді.

"Седация барынша төмен дозалармен жүргізіледі және пациенттердің алаңдаушылығын азайтуға бағытталған. Ал жоғары дозалар интубацияланған пациенттерге өкпені жасанды желдету техникасына төзе алатындай етіп енгізіледі", – деді ол.

Дегенмен, прокуратура кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, ауруханада бірқатар тексерулер, соның ішінде ішкі тексерулер жүргізілді. Осы уақыт аралығында клиника әкімшілігі БАҚ-пен байланыста болды. Атап айтқанда, аурухана менеджері Флорин Няг айып таққан медбике олардың клиникасында бір ай ғана жұмыс істегенін және сол уақыт ішінде тәртіптік жазаға әкеп соқтырған ауыр қылмыс жасағанын мәлімдеді. Айта кетейік, ауруханада жұмыс істеген уақыт ішінде медбике емханада болып жатқан кісі өлтіру туралы хабарлау үшін БАҚ-қа да, полицияға да жүгінбеген.

15 наурызда Сибиу қалалық ауруханасында тексеру аяқталды, оның барысында бақылау хаттамаларында ординаторлардың аты-жөнінің болмауы, келіспеушіліктер тізілімі мен ақпараттандырылған келісімнің болмауы сияқты бірқатар бұзушылықтар анықталды. Бұл үшін мекемеге айыппұл салынды. Комиссия кісі өлтірудің немесе пациенттердің денсаулығына қасақана зиян келтірудің дәлелдерін таппады.
Бүгінгі күні БАҚ прокуратура тергеуінің аяқталғаны туралы хабарлаған жоқ.

Демек, румын клиникасында пациенттердің шынымен өлтірілгеніне ешқандай дәлелдер жоқ. Бұл туралы хабарлама БАҚ-қа анонимді түрде келіп түсті және ешқандай дәлелдер келтірілмеген. Тексеру нәтижесінде клиникада болған кісі өлтіру жағдайларына ешқандай дәлелдер табылған жоқ.

Осылайша, Румыния клиникасындағы кісі өлтіру жағдайлары бүгінде дәлелденбеген және әлем бойынша дәрігерлер аса қауіпті ауру деп COVID-19 жұқтырған пациенттерді өлтіретіндігінің дәлелі бола алмайды.