Ол мұны өз айналасындағы адамдардың тәжірибесінен көріп айтады.
Әзілкеш Данияр Бекжанов қызбен көп кездескен жігіттер кейін көп қыздың әкесі болады дейді. Мұны өз айналасындағы адамдардың тәжірибесінен көріп айтады. Бұл туралы әзілкеш “Админанон” бағдарламасында айтты, деп жазады stan.kz.
Әзілкештің айтуынша, бойдақ кезінде қыздармен көп жүрген жігіттер көп қыздың әкесі атанады.
“Менің айналамда, менің тәжірибемде осындай көп. Қызбен кезінде көп кездескен жігіттердің кейін үйленгенде қыздары көп болады. Білмеймін, мүмкін мен қателесемін. Бірақ солай ойлаймын. Себебі, соған ұқсас жағдайларда көп көріп жүрмін. Өмір деген бумеранг. Сондықтан жігіт қай қызбен кездессе де, оған үйленем деген ниетпен бару керек. Бекерге обалды қылмау керек”, – деді жайдарманшы.
Әзілкештің меңзегені, қыз баласын жылатуға болмайды. Егер қыздардың обалына қалсаң, Алла саған да қыз береді. Әр қызға өз қызыңдай қара. Өмір кезек дегенді түсіндіргісі келді.
Данияр Бекжанов қыз тәрбиесіне, қарындас тәрбиесіне қатал. Мұны өз сөзінен де, желідеді әзіл видеоларынан да байқауға болады.
“Әр қызға ағасы, бауыры жауаппен қарау керек. Қызға қырық үйден тыйым деген сөз бар. Ол бекер айтылмаған. Қыздың тағдырына алаңдау керек”, –дейді ол.