Дәрігерлер Астанада жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып кеткен қыздың жағдайын айтып берді.
ERNUR.KZ.Дәрігерлер Астанада жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып кеткен қыздың жағдайын айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.
«Зардап шеккен қыздың миы шайқалған. Науқастың жағдайы тұрақты. Оның өміріне қауіп төнетіндей жарақаттары жоқ», - делінген Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінде.
Бұдан бұрын хабарланғандай, елордадағы қалалық сот маңындағы жаяу жүргіншілер жолағынан өтпек болған қызды автокөлік қағып кетті.
«Опель» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Ұлы Дала көшесі жағынан шығып, Сауран көшесі бойымен Бұқар жырау көшесіне қарай жүріп келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып өтті. Белгілі болғандай, зардап шеккен адам жолды белгіленген жолақ бойынша өтпек болған. 25 шілдеде Сауран көшесіндегі жол-көлік оқиғасы фактісі тұрғысында полицейлер жауап алу шараларын жүргізіп жатыр», - делінген Астана ІІД баспасөз қызметінің мәліметінде.