Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Үндістанда жөтелге арналған үш сапасыз шәрбаттың табылғанын жария етті.
Фото: Canva
ERNUR.KZ. Аталған шәрбат адам денсаулығына қауіпті болуы мүмкін. Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл препараттар Қазақстанда тіркелмеген, деп жазады inform.kz.
Сөз Sresan Pharmaceutical, Rednex Pharmaceuticals және Shape Pharma компаниялары өндірген COLDRIF, Respifresh TR, ReLife шәрбаттары жайында болып отыр. Олардың құрамынан уытты зат - диэтиленгликоль (DEG) анықталған. Шәрбаттар суық тию, жөтел және тұмаудан емделу үшін нкеңінен қолданылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының үндістандық Sresan Pharmaceutical, Rednex Pharmaceuticals и Shape Pharma компаниялары өндірген COLDRIF, Respifresh TR, ReLife шәрбаттарынан уытты зат – диэтиленгликоль табылғаны туралы ескертуіне байланысты Дәрілік хаттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы хабарлама жасады.
- Аталған препараттар Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген. Оларға сәйкестік сертификаты рәсімделген жоқ, - деп атап өтті аталған орталықтан агенттік сауалына орай.
Ұйымның атап өтуінше, аталған шәрбаттарды ішу әсіресе балаларға аса қауіпті болуы мүмкін.
- Азаматтарды дәрілік заттарды сатып алу кезінде барынша сақ болуға шақырамыз. Лицензия бар дәріханалардан ғана препараттарды сатып алыңыздар және аталған шәрбаттарды қолданбаңыздар, - деп ескертті орталықтан.
Айта кетейік, бұған дейін ДДҰ Үндістанда шығарылатын жөтелге қарсы шәрбаттардың қаупі туралы ескерткен еді.