Полиция ескертуі: мемлекеттік органдардың қызметкерлері мұндай хабарламалармен азаматтарға қоңырау шалмайды және ешқашан растау кодтарын сұрамайды.
ERNUR.KZ. Полиция қазақстандықтарға декларацияға байланысты жаңа алаяқтық түрі туралы ескертті, деп жазады tengrinews.kz.
Алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, өздерін мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстырады және салық декларациясын уақытында тапсырмағанын айтады.
Олар азаматтардың шоттары бұғатталатынын айтып, "мәселені шешу" үшін үш күн ішінде әрекет ету керектігін жеткізеді. "Жеке тұлғаны растау" үшін SMS арқылы келген кодты айтуын сұрайды. Осылайша алаяқтар азаматтардың банк шоттарына қол жеткізіп, ақшаларын ұрлап алады.
Фото: threads скриншоты
Полиция ескертуі: мемлекеттік органдардың қызметкерлері мұндай хабарламалармен азаматтарға қоңырау шалмайды және ешқашан растау кодтарын сұрамайды.
"Ешқашан бөгде адамдарға SMS-кодтарды, парольдерді, банк карталарының деректерін және басқа да жеке мәліметтерді айтпаңыз. Күдікті қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз", - делінген хабарламада.
Бұған дейін қазақстандықтар онлайн-алаяқтардың құрбаны болып, миллиардтаған ақшасынан айырылып жатқанын жазған едік. Алаяқтар үнемі жаңа схемалар ойлап табады, ал олардың тұзағына интернетті белсенді пайдаланушылар да, егде жастағы адамдар да түсіп жатыр.


