Денис Тенді Алматыда белгісіз біреулер пышақтап кетті

0
1 213

Қазіргі уақытта спортшы жансақтау бөлімінде жатыр.


Денис Тенді Алматыда белгісіз біреулер пышақтап кетті

ERNUR.KZ. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Алматыда пышақталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Әлішер Елікбаев хабарлады.

"Бұл нақты мәлімет, бірақ мән-жайын білмеймін", - деді ол.

Қазіргі уақытта спортшы жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға бейсенбіде түскі уақытта Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Ол Орталық қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Денист Тен - ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.