Денсаулық министрі Pfizer Қазақстанға қашан жеткізілетінін айтты

0
580

​Министрдің айтуынша, Pfizer келген бойда алдымен 12 жастан асқан балаларға және жүкті әйелдерге ұсынылады.


Денсаулық министрі Pfizer Қазақстанға қашан жеткізілетінін айтты

ERNUR.KZ. Қазақстанға Pfizer вакцинасының төрт миллион дозасы жеткізіледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп жазады sputnik.kz.

"Pfizer бойынша біз негізгі келісімшартқа қол қойдық. Осы компаниямен келісімшарт рәсімдеудің өзіндік тәртібі бар. Бірнеше құжат бар. Біз соңғы құжатты рәсімдедік. Оған сәйкес, шамамен, төрт миллион доза жеткізіледі", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, Pfizer вакцина келген бойда оны алдымен 12 жастан асқан балаларға және жүкті әйелдерге ұсынады. Себебі екпені дәл осы топқа жататын адамдарға салуға болады.

"Меніңше, қазан-қарашада жеткіземіз. Қазір растауды күтіп отырмыз. Жақын арада болады", - деп атап көрсетті Цой.

Осы орайда министр Pfizer вакцинасын сақтау тәртібіне де тоқталды. Бүгінде тоңазытқыш құралдары жеткізіліп жатыр. Оны барлық екпе пунктерінде орнатады. Себебі Pfizer-ді -80 градуста сақтау қажет.