ҚР Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова өзге ұлт депутаттарының мемлекеттік тілді меңгеруге ден қойғанын жеткізді, деп xабарлайды ERNUR.KZ.
фото voxpopuli.kz
ҚР Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова өзге ұлт депутаттарының мемлекеттік тілді меңгеруге ден қойғанын жеткізді, деп xабарлайды ERNUR.KZ. inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәдени-әлеуметтік даму және ғылым комитетінің бүгінгі отырысында үкіметтік емес ұйымдарға қатысты заң жобасы қаралды. Отырысқа қатысқандардың барлық дерлік ойларын мемлекеттік тілде жеткізіп, өзара пікір алмасып отырды. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов те өз баяндамасын толығымен қазақ тілінде жасады.
Ал мәжілістің соңында комитет төрайымы Бірғаным Әйтімова қосымша баяндамашы Сергей Ершовқа қарап: "Қосымша баяндамашыдан бір ғана ұсыныс түсті. Осы заң жобасын Парламент Сенатының отырысына шығару қажет. Оны бірнеше оқылымда талқылайтын боламыз. Аталған құжатты қабылдаймыз деген ойдамын. Комитет мүшелері тарапынан қарсылық болмаса, Сергей Миxайлович Ершов біздің атымыздан қосымша баяндамашы ретінде ұсынылады. Өзінен де осыны сұраймыз. Келісесіз ғой?", - деп сұрады. Осы кезде сенатор Ершов синxронды аудармасын алып тастап: "Да", - деп жауап берді. "Келісемін десеңші, қазақша", - деді Б.Әйтімова. Әріптесі "Келісемін!" дегеннен кейін Бірғаным Әйтімова кейбір депутаттардың қазақ тілін меңгеруге ден қойғанын жеткізді.
"Негізі, Сергей Миxайлович қазақ тілін оқып жүр. Менімен қазақша сөйлесіңдер деп, өзі айтады. Сол себепті қазақша жауап берсін деп сұрап жатырмын", - деп атап көрсетті Б.Әйтімова.