Сот отырысы жабық режимде өтіп жатыр.
Коллаж: Kazinform
ERNUR.KZ. Бірінші сатыдағы сот үкімімен 20 жылға бас бостандығынан айырылған Арман Жұмагелдиев апелляциялық шағым түсірді, деп жазады inform.kz.
Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады және сот отырысы басталғанын хабарлады. Сот отырысы жабық режимде өтіп жатыр.
Еске салайық, 2022 жылы Алматыда полицейлер қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.
Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арман» тобы 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағанын айтты.
2023 жылы қыркүйек айында Алматы маңындағы № 72 түзеу мекемесінің тергеу изоляторында мәслихаттың экс-депутаты Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке қатысты сот процесі басталды.
2025 жылдың қаңтар айында сот Арман Жұмагелдиевті 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.