Дикий Арман түрмеде өзіне қол салмақ болған

0
181

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті бұл фактіні растады.


Дикий Арман түрмеде өзіне қол салмақ болған

ERNUR.KZ. Арман Жұмагелдиев абақтыда отырып өзіне қол салдымақ болған, деп хабарлайды қылмыстық атқару жүйесі комитеті, деп жазады sputnik.kz.

"Бұл сотталған адам өзіне қол жұмсады, жеңіл жарақаттар алған. Медициналық көмек дереу көрсетілді. Жағдайы қанағаттанарлықтай", - дейді ведомство.
Комитеттің мәліметінше, сотталушы ерекше бақылауда, онымен мекеме психологтары жұмыс істеп жатыр.
Осы факті бойынша қызметтік тексеріс басталған.
Еске сала кетейік, Арман Жұмагелдиев 20 жылға бас бостандығынан айырылды.