«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі 2 айға ұзартылды

0
535


«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі 2 айға ұзартылды

ERNUR.KZ. «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды», - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің «беделдісі» Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.

Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арманның» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын жеткізді.