Димаш Құдайберген алғаш рет Германияда концерт өткізді

0
1 005

Ол әдеттегідей бірнеше тілде ән орындады.


Димаш Құдайберген алғаш рет Германияда концерт өткізді

ERNUR.KZ. Димаш Құдайберген алғаш рет Германияда концерт өткізіп, Дюссельдорф қаласындағы ISS Dome аренасында қазақтың әні әуеледі, деп жазады inform.kz.

Қазақстан әншісінің керемет шоуын тамашалау үшін көрермен Еуразия, Америка, Африка, Австралия, бір сөзбен дүниенің төртбұрышынан жиналды. Димаш тыңдарманына пандемияға дейін басталған «ARNAU» турының жаңартылған бағдарламасын ұсынды.
Ол әдеттегідей бірнеше тілде ән орындады. Ағылшын, итальян, француз, орыс, қытай тілдеріндегі туындылардың әрқайсысының әнші шығармашылығында өз орны бар. Дегенмен, концерт бағдарламасының басым бөлігінде ана тілінде айтты.

«Әлемде бірлік болсын» және «Мен сені сүйемін» әндерін жиналғандар қосыла шырқады. Өнерпазды сахнадан жібермей, «Махаббат бер маған» және «Дайдидау» қайырмаларын бірнеше мәрте қайталады. Ал, концерт соңында Димаш көп ұзамай Прагада кездесуге уәде берді. Еске салсақ, Жапонияның ең ірі университеті оқу бағдарламасына Димаш Құдайбергеннің әндерін енгізген еді.