Дмитрий Медведев Қазақстанға не үшін келді

0
769

​Нұр-Сұлтандағы ресми кездесулер барысында екіжақты қарым-қатынастар, оның ішінде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланады деп жоспарлануда.


Дмитрий Медведев Қазақстанға не үшін келді

ERNUR.KZ. Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведев Қазақстанның астанасына келді. Мұнда ол ел басшылығымен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастар мәселелерін талқылайды, деп жазады sputniknews.kz.

6 наурызда Дмитрий Медведев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Қазақстанның тұңғыш президенті, елдің Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі деп жоспарлануда. Сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовпен кездеседі.

"Жұмыс кездесулері барысында Медведев Ресей-Қазақстан қатынастарын, оның ішінде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды", - деп атап өтті РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасы орынбасарының хатшылығы.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының ортасында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин өз жарлығымен елдің Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары лауазымын енгізіп, бұл қызметке бұрынғы премьер-министр Дмитрий Медведевті тағайындады. Бір күн бұрын, 15 қаңтарда Владимир Путин Федеральдық жиналысқа жыл сайынғы жолдауын жасады. Жолдаудан кейін Дмитрий Медведев министрлер кабинеті толықтай отставкаға кеткенін мәлімдеді.