Доллар бағамы қалай құбылуы мүмкін - Тимур Сүлейменов жауап берді

0
1 152

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов келесі жылы теңгенің бағамы долларға шаққанда қалай құбылуы мүмкін екені туралы айтты.


Доллар бағамы қалай құбылуы мүмкін - Тимур Сүлейменов жауап берді

ERNUR.KZ. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов келесі жылы теңгенің бағамы долларға шаққанда қалай құбылуы мүмкін екені туралы айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Макроэкономикалық тұрғыда көп жағдай Федералды резервті жүйесі (ФРЖ) ставкасының өсіміне байланысты екенін бұрын да айтқан болатынбыз. АҚШ-тың жүргізіп отырған саясатының өзі америкалық құзіреттің, құнды қағаздарының инвестициялық тартымдылығының күшеюіне ықпал етеді. Демек, ықпал арқылы доллар өссе қалғаны (валюталар - авт.) құлайды. Негізгісі осы», - деді Тимур Сүлейменов Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Министрдің айтуынша, қазір «қара алтынның» бағасы тұрақты емес. Құны бірде шарықтап, бірде төмендеп тұр.

«Тиісінше, бұл теңге бағамына әсер етпей қоймайды», - дейді ол.

Министрге осы кезде «доллар құны алдағы уақытта 400 теңгеге жетуі мүмкін бе?» деген сұрақ қойылды.

«Ең дұрысы, бұл сұрақты Ұлттық банкке қою керек. Бізде өздеріңіз білетіндей, келесі жылғы әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бойынша баға 370 теңге деңгейінде қалу керек», - деді министр.