Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев әуе кемелерінде музыкалық аспаптарды тасу олардың габариттеріне байланысты екенін алға тартты.
ERNUR.KZ. Домбыра ұшаққа алып кірге рұқсат беріле ме? Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев бұл мәселенің жан-жақты қарастырылып жатқанын айтты, деп жазады baq.kz.
Өздеріңізге мәлім, әуе компаниялары бортқа қазақтың қасиетті қара домбырасын кіргізбейді. Бұл біздің ұлттық намысымызды қорлау деп түсінеміз. Қазақтың қасиетті домбырасы қатардағы жүк емес. Біздің ұлттық құндылығымыз. Бүгінгі таңда қасиетті домбыраға қалай болса солай қарау біздің ұлттық намысымызға тиеді. Сондықтан әбден тайраңдап кеткен әуе компанияларын қашан тәртіпке шақырасыздар?, - деп сұрақ қойды Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай.
Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев әуе кемелерінде музыкалық аспаптарды тасу олардың габариттеріне байланысты екенін алға тартты.
Кейбір аспаптарды қазіргі әуе кемелерінің сөресіне орналастыруға мүмкіндік жоқ. Соған байланысты осындай сұрақтар туындап жатыр. Бүгінгі таңда әуе компанияларымен бірлесіп, осы шаруаны шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Керек болған жағдайда жол жүгін, қол жүгін тасымалдау шарттарына өзгерістер енгізуге дайындалып жатырмыз. Барынша осы мәселені әуе кемелерінің мүмкіндіктеріне байланысты шешуге тырысып жатырмыз, - дейді Аблалиев.