Дос-Мұқасан ансамблі әншілерінің бірі дүниеден озды

0
1 909

Музыканттың қайтыс болғаны туралы қаралы хабар ансамбльдің Instagram-дағы ресми тобында жарияланды.


Дос-Мұқасан ансамблі әншілерінің бірі дүниеден озды

ERNUR.KZ. "Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушылардың бірі, жарқын жан Хамит Санбаев дүниеден озды, деп жазады zakon.kz.

Музыканттың қайтыс болғаны туралы қаралы хабар ансамбльдің Instagram-дағы ресми тобында жарияланды.

Қайғыға баттық! Орны толмас қаза! Ол секілді жүрегі кең адам туралы: "Біздің көп нәрсеміз өзіңізбен бірге кетті! Сіздің көп нәрсеңіз бізбен қалды!" деп айтады. Біз Хамитты үнемі жадымызда ұстап, артынан дұға жасайтын боламыз, делінген хабарламада.

Дос-Мұқасан - 1967 жылы Алматыда Қазақ политехникалық институтының студенттері құрған вокалды-аспаптық ансамбль. Ансамбльдің негізін қалаушылар және оның алғашқы орындаушылары Досым Сүлеев, Мұрат Құсайынов, Хамит Санбаев, Александр Литвинов (ансамбльдің атауы қатысушылардың аттарының қысқартылуынан шыққан: "Дос" - ансамбль жетекшісі Досым Сүлеев, "Му" - Мұрат Құсайынов, "Қа" - Хамит Санбаев, "Сан" - Саня (Александр) Литвинов. Кейінірек Дариға Тұрсынова, Шәріп Омаров, Бақыт Жұмаділов, Шомотов Ақнай, Асқар Жанкүшіков, Нұртас Құсайынов және Құрманай Омарова ансамбльге келіп қосылды.