"Дос-Мұқасан" тобының солисі Мұрат Құсайыновқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

0
1 569

Мұрат Құсайыновқа қатысты ҚР ҚК 378-бабы 1-бөлігіне (Билік өкілін кемсіту) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталған.


ERNUR.KZ. Аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобының солисі Мұрат Құсайыновқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол билік өкілін кемсітті деп айыпталып отыр, деп жазады Stan.kz.

Белгілі болғандай, Мұрат Құсайыновқа қатысты ҚР ҚК 378-бабы 1-бөлігіне (Билік өкілін кемсіту) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталған.

Негізгі сот отырысы 20 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық №2 сотында өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, жайсыз жағдай 14 сәуір күні "Эйр Астана" әуе компаниясында болды. Компания мәліметінше, Мұрат Құсайынов қызметкерлерге дауыс көтеріп, бейәдеп сөздер айтқан. Кейін экипаж ұшу қауіпсіздігі үшін оны тасымалдаудан бас тартты.

Бұл оқиғадан кейін музыкант компания өкілдерінің өзін төмендеткісі келгенін айтты.

Артынша Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық соты Мұрат Құсайыновқа 12 625 теңге (5 АЕК) көлемінде айыппұл салды.