«Дос-Мұқасан» тобының солисі Мұрат Құсайыновқа қатысты сот үкімі шықты

0
1 546

Сот барысында айыпталушының ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Құрметті азаматы екені назарға алынды. Сонымен қатар, жәбірленуші тараптың да пікірі тыңдалды.


«Дос-Мұқасан» тобының солисі Мұрат Құсайыновқа қатысты сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. "Қылмыстық істі қарау нәтижесі бойынша Мұрат Құсайынов өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде билік өкілдерін қорлағаны үшін кінәлі деп танылып, сот үкімі бойынша ол іс жүзінде өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды" - деп жазады elitar.kz.

Сот отырысы барысында Мұрат Құсайынов жәбірленушімен татуласты.

"ҚК-нің 10-бабына, 3-бөлігіне сәйкес сотталушы жасаған қылмыстық құқық бұзушылық - қылмыстық теріс қылықтарға жатады. ҚК-нің 65-бабының, 1-бөлігінің талаптарына байланысты қылмыстық теріс қылық жасаған не алғаш рет қылмыс жасаған адам кінәлі адамның жеке басын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Сот үкім шығару кезінде сотталушының жеке басын, оның композитор, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері, "Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушы және көркемдік жетекшісі екенін , сондай-ақ жәбірленушілердің қандай да бір наразылықтың жоқтығы туралы пікірін ескерді", - делінген елордалық соттың баспасөз қызметінің таратылған хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, биылғы жылдың сәуір айында белгілі орындаушы жанжалды оқиғаға тап болды. Мұрат Құсайынов Нұр-Сұлтан әуежайы қызметкерін балағаттаған. Осыған орай елордалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты іс материалдарын қарады. Мұрат Құсайыновқа айып тағылып, оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Кейін "Дос-Мұқасан" тобының солистіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Оған билік өкілін қорлау фактісі бойынша айып тағылған болатын.