Досымжан Таңатаров Қазақстан Республикасының Президенті оркесторының жеке солисі.
ERNUR.KZ. Белгілі әнші Досымжан Таңатаров жаңа әскери шен алды. Бұл туралы сахнадағы әріптесі Құрмаш Махан Instagram-парақшасында хабарлады, деп жазады sn.kz.
«@dossymzhan_tanatarov бауырым жаңа қызметің мен иығыңдағы әскери жұлдызың құтты болсын. Алла абыройыңды көтерсін!!!», -деп жазды ол.
Еске сала кетейік, Досымжан Таңатаров 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенті оркесторының жеке солисі, жетекші әншісі қызметін атқарып келген.