ДСМ өкілдері неге 553 миллион теңгеге көлік сатып алғанын түсіндірді

0
585

БАҚ-та комитеттің 553 799 400 теңгеге 140 автокөлік сатып алуға дайындалып жатқаны туралы ақпарат тараған еді.


ДСМ өкілдері неге 553 миллион теңгеге көлік сатып алғанын түсіндірді

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі Сапа бақылау және тауарлар қауіпсіздігі комитетінің өкілдері неге 553 миллион теңгеге көлік сатып алғанын түсіндірді, деп жазады Tengrinews.kz.


Еске салайық, мұның алдында БАҚ өкілдері комитеттің 553 799 400 теңгеге 140 автокөлік сатып алуға дайындалып жатқанын хабарлаған болатын.

"Мемлекет басшысының ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту туралы тапсырмасына сәйкес, ұйымды материалдық-техникалық жарақтандыру 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілді", - деді комитеттегілер.

Ведомство мәліметінше, көлік комитеттің 18 аумақтық департаментінің 224 аудандық басқармасы бар мамандары үшін, яғни елдің санитарлық-эпидемиологиялық қызметі үшін сатып алынады.