Душанбеде ТМД үкімет басшыларының кеңесі өтеді

0
154

Отырыста ТМД еріктілер форумын құру және өткізу жайы талқыланады.


Душанбеде ТМД үкімет басшыларының кеңесі өтеді

фото: Sputnik/Ертай Сарбасов

ERNUR.KZ. Бүгін Душанбеде тәуелсіз мемлекеттер достастығы үкімет басшылары кеңесі өтеді, деп жазады sputnik.kz.
"Кездесудің күн тәртібінде 18 сұрақ бар. Дәстүр бойынша шағын форматта кеңес мүшелері достастықтағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті тақырыптары бойынша пікір алмасады", - делінген хабарламада.
ТМД елдерінің премьер-министрлері жобаларды кеңейтілген режимде талқылайды, олар:
ауыр машина жасау саласын дамытудағы ынтымақтастық туралы келісімдер;
жеңіл өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамыту тұжырымдамасы және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің әуе қозғалысын ұйымдастырудың ұлттық жүйелерін үйлестіру тұжырымдамалары.
Отырыста сондай-ақ ТМД еріктілер форумын құру және өткізу, "Тәуелсіз мемлекеттер достастығында туризмді дамытқаны үшін" төсбелгісін белгілеу, сондай-ақ денсаулық сақтау, өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы, қорғаныс және қауіпсіздік салаларындағы өзара іс-қимылды регламенттейтін бірқатар құжаттар қабылданады деп жоспарлануда.
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов бір күн бұрын Душанбедегі кеңес алаңында өзінің Беларусь әріптесі Александр Турчиновпен кездесті.