е-Qazyna.kz платформасының функционалы кеңейтіліп, жаңа цифрлық сервистер енгізілді

0
89

Бастапқыда жүйеде негізінен мемлекеттік ұйымдарды есепке алу жүзеге асырылды.


е-Qazyna.kz платформасының функционалы кеңейтіліп, жаңа цифрлық сервистер енгізілді

ERNUR.KZ. Елімізде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы цифрлық шешімдерді одан әрі дамытуға және жетілдіруге ерекше назар аударылады. Мәселен, «E-Qazyna» цифрлық платформасының 1998 жылдан бастап даму тарихы бар, ол цифрландырудың заманауи талаптарына сәйкес функционалдық мүмкіндіктерін жүйелі түрде жетілдіріп және кеңейтіп келеді. Бұны ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков ОКҚ брифингінде айтты.

Бастапқыда жүйеде негізінен мемлекеттік ұйымдарды есепке алу жүзеге асырылды.

«2011 жылы Мемлекеттік мүлік туралы заңның қабылдануына байланысты жүйенің функционалы заңды түрде кеңейтілді. 2012 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлік тізілімін құру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес e-Qazyna.kz жаңа технологиялық платформаға қайта құру жұмыстары жүргізілді. Осы кезеңнен бастап жүйеде кең функционал іске асырылды және ол республикалық және коммуналдық меншік объектілерін есепке алу және басқару процестерін автоматтандыру үшін қолданыла бастады», – деді спикер.

е-Qazyna.kz функционалы мемлекеттік объектілердің әртүрлі түрлерін және оларды басқару процестерін қамтитын жаңа цифрлық сервистерді енгізу есебінен дәйекті түрде кеңейтілді. 2026 жылға қарай кезең-кезеңімен даму нәтижесінде e-Qazyna.kz порталы 40 цифрлық сервистен қалыптасқан.

Мұндай сервистердің қатарында активтердің әртүрлі түрлерін жекешелендіру және сату, мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарды есепке алу, жалға беру және сенімгерлік басқаруға беру, мемлекетке сыйға тарту, мемлекеттік меншік мониторингі, акциялардың мемлекеттік пакеттерімен мәмілелерді есепке алу және тіркеу жөніндегі электрондық сауда-саттық сервистері, мемлекеттік кәсіпорындардың бірінші басшыларын іріктеу жөніндегі конкурстар бар.

Осылайша, e-Qazyna.kz мемлекеттік ұйымдарды есепке алу жүйесінен мемлекеттік активтерді есепке алу және басқару процестерінің кең спектрін автоматтандыруды қамтамасыз ететін кешенді цифрлық платформаға трансформацияланған. Қазіргі кезеңде e-Qazyna.kz қызмет көрсету аясын кеңейту арқылы одан әрі дамып келеді. 2026 жылдан бастап Мемлекеттік мүлік тізілімінің құрамына жаңа цифрлық сервистер енгізіледі, оның ішінде: Minerals - Өнеркәсіп министрлігі және жер қойнауын пайдаланушылар үшін бірыңғай портал; Qalqan - денсаулық сақтауды қаржыландырудың бірыңғай порталы; Bilimge (OrtaBilim бөлімі) - білім беруді қаржыландырудың бірыңғай порталы.