Екі көліктің жүргізушісі де оқиға орнында жан тапсырды.
фото: Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті
ERNUR.KZ. Өскеменде ер адам көлікті айдап әкетіп, жол апатына түсті, деп жазады sputnik.kz.
35 жастағы ер адам Honda Inspire автокөлігін айдап әкеткен. Ол Малдыбаев көшесімен Аблакетка ауданынан қалаға қарай келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан Mercedes-Benz автокөлігімен соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан екі көліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал Mercedes-Benz автокөлігінің жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді", - дейді полиция.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.


