«Екі аптада бір рет маған тіке баяндайды»: Тоқаев Қаринге жаңа тапсырма берді

0
106

​Қарин президенттің алдында Конституцияны түсіндіруге қатысты атқарылып жатқан жұмыстың есебін беруі керек.


«Екі аптада бір рет маған тіке баяндайды»: Тоқаев Қаринге жаңа тапсырма берді

Фото: Ақорда

ERNUR.KZ. Бүгін Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-президент Ерлан Қаринге жаңа тапсырма берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Президент Қаринге екі апта бір рет алдына келіп, тікелей баяндама жасайтынын ескертті. Дәлірек айтсақ, президент Ерлан Қариннің мойнына Конституцияның мән-мағынасын түсіндіруді жүктеді.

«Халық арасында Конституцияны түсіндіру, дәріптеу ісі бұл – өте жауапты жұмыс, оған үстірт қарауға болмайды. Осы саяси жұмысқа ілімі терең, тәжірибесі мол адамдарды шақыру керек, яғни заңгерлер, ғалымдар, мұғалімдер, еріктілер, кәсіпкерлер, ардагерлер мен мемлекет қайраткерлерін тарту керек болады. Ал Президент Әкімшілігінің міндеті – бұл жұмыстың кешенді және жүйелі тұғырын қалыптастыру. Аталған міндетті жүзеге асыруды Вице-Президент Ерлан Тынымбайұлы Қаринге тапсырамын. Жұмыстың барысы туралы екі аптада бір рет Президентке тіке баяндайды», - деді Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін Астанада Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы өтіп жатыр.