Екі құлағына мұз қатқан: дәрігерлер видеодағы ер адамның денсаулығы туралы айтты

0
2 646

​Дәрігерлердің айтуынша, ер адамның құлағы қатты үсіп қалған.


Екі құлағына мұз қатқан: дәрігерлер видеодағы ер адамның денсаулығы туралы айтты

ERNUR.KZ. Дәрігерлер әлеуметтік желіде тараған видеодағы ер адамның денсаулығы туралы айтты, деп жазады sputnik.kz.

Желі қолданушылары арасында екі құлағы мұз болып қатып қалған ер адамның видеосы тарады. Көлік жүргізушісі жеңіл бас киіммен жолға шығып кеткен. Оның сөзіне қарағанда, Батық ауылына жетпей, көлігі бұзылып қалған.

Жүргізуші боранды күні жеңіл бас киіммен жолға шығып кеткен

Ekaraganda.kz порталы таратқан мәліметке сәйкес, бұл оқиға Қарағанды облысының Шет ауданында болған. 62 жастағы ер адамның көлігі жарты жолда істен шығады. Ол қатты боран мен қақаған аязға қарамастан, жеңіл бас киіммен шыққан екен. Содан екі құлағы қатты үсіп қалған.

Жол-жөнекей көлік ұстап, Жаңарқа ауылының ауруханасына жетіп алған ол құлағымнан айырылдым деп ойлаған.

Карагандинец сильно обморозил уши во время бурана


Тиісті медициналық көмектен кейін ер адамды үйіне жіберді

Дәрігерлердің айтуынша, ер адамның құлағы қатты үсіп қалған. Бірақ ампутацияның қажеті болмады. Тиісті медициналық көмектен кейін ер адамды үйіне жіберді.