Темірбетон плитаның құлауынан ешкім жарақат алған жоқ.
ERNUR.KZ. 2023 жылғы 15 маусым күні сағат 16.45-те «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-ның Екібастұз ЖЭО-сында жұмыс істеп тұрған №5 қазандыққа төбенің темірбетон плитасы құлады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Темірбетон плитаның құлауынан ешкім жарақат алған жоқ. Плитаның құлау аймағындағы барлық жөндеу және пайдалану жұмыстары тоқтатылды.
Бұған дейін, 2023 жылғы 11 маусымда жөнделетін №7 қазандық аумағында бүйір қоршау конструкцияларының 8 темірбетон плитасы құлаған болатын.
Ертең, 16 маусымда қазандықтардың үстіндегі шатыр конструкцияларына зерттеу жүргізу жоспарланған, оның нәтижелері бойынша жұмыстарды қайта бастау туралы шешім қабылданады.