Азаматтар шақырту пунктіне жеткізілгеннен кейін, шақыру комиссиясы олардың мерзімді әскери қызметке шақырылуына негіздің бар-жоғын анықтайды.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде әскери комитеттің қызметкерлері әскерге шақырылған жігітті көлікке күштеп отырғызып алып кеткен видеосы тарады, деп жазады stan.kz.
Оқиға куәгері түсіріп алған видеодан жігіттің барынша қарсыласып жатқанын көруге болады. Сондықтан оны көлікке бірнеше адам жабылып мінгізді.
Қорғаныс министрлігінің “Курсивке” берген жауабында бұл жағдайға әскерге шақырылған азаматтардың әскери борышын өтеуден жалтарып, заң бойынша уақытылы келмеуі себеп болған.
“Қазақстанда жыл сайын азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізіледі.Көптеген азаматтар тіркелген мекенжайында тұрмайды, елді мекендерге келген кезде нақты тұратын мекенжайы бойынша тіркелмейді. Азаматқа шақырту қағазын жеке өз қолына табыстай алмасақ, оны жеткізу міндеті ішкі істер органдарына жүктеледі. Рейдтер барысында азаматтар ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қолданыстағы заңнаманы бұза отырып қарсылық көрсетеді. Осылайша олар күштеп әскери комитетке жеткізуге мәжбүр етеді", – делінген жауапта.
Министрліктің мәліметінше, азаматтар шақырту пунктіне жеткізілгеннен кейін, шақыру комиссиясы олардың мерзімді әскери қызметке шақырылуына негіздің бар-жоғын анықтайды. Егер негіз болса – олар үйлеріне қайтарылады, ал негіз болмаса – медициналық комиссиядан өтіп, шақыру шеңберіндегі басқа да іс-шараларға қатысады.