Көлік арнайы айып тұрағына қойылды.
ERNUR.KZ. Екібастұзда маршруттық автобус жүргізушісі мектеп оқушысын қағып кетті, деп жазады baq.kz.
Жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілді.
"2021 жылғы 25 қарашада сағат 14:42-де Екібастұз қаласында №6 маршрут бойынша жүретін Volvo маркалы автобустың 40 жастағы жүргізушісі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, 2013 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Қыз жаяу жүргіншілер өткелі бойынша өтіп бара жатқан", - деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Полиция көліктің арнайы айып тұрағына қойылғанын атап өтті. Тексеру жүргізіледі.