Екібастұзда бағаннан құлаған электриктің жағдайы ауыр

0
578

25 жастағы электромонтер жұмыс істеп жатқан кезде бағаннан құлап кеткен болатын.


Екібастұзда бағаннан құлаған электриктің жағдайы ауыр

ERNUR.KZ. Ер адамнан көптеген сынықтар мен жарақаттық шок анықталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Екібастұзда 25 жастағы электромонтер жұмыс істеп жатқан кезде бағаннан құлап кеткені хабарланған болатын.

«Жәбірленушіге алдын ала келесідей диагноз қойылды: политравма, үшінші дәрежелі травматикалық шок, мидың үшінші ауырлықтағы контузиясы, сүйек сынықтарының жылжуымен оң білек радиусының жабық сынуы», - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде.

Дәрігерлер ер адамның жағдайын өте ауыр деп бағалайды.