Мұндай көмектің дұрыс тағайындалуын тексеруді Екібастұздың жұмыспен қамту орталығы жүргізеді.
ERNUR.KZ. Бұдан басқа, тексеру мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыға тиесілі екі пәтер мен автокөлікті анықтады, деп жазады pavlodarnews.kz.
Қалалық әкімшілікте хабарлағандай, мұндай көмектің дұрыс тағайындалуын тексеруді Екібастұздың жұмыспен қамту орталығы жүргізеді.
- 1605 отбасы АӘК алушы болып табылады.Тексеру барысында 25 отбасында жалақы бойынша сәйкессіздік, тағы төртеуінде кірістерді жасыру фактілері анықталды. 15 отбасында комиссия тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісін жүргізді. Нәтижесінде бір өтініш берушіден екі пәтер мен автокөлік табылды. Сонымен қатар, 2019 жылдың мамырынан бастап АӘК алушы кофехана үшін ғимаратты жалға алған. Әкімдікте тексеру жалғасатынын айтады, АӘК заңсыз алу фактілері бойынша тағайындалған барлық кезең үшін төленген соманы қайтару және тоқтату жұмыстары жүргізілуде, - деп нақтылады қалалық әкімдікте.