Зардап шегушінің жасы 24-те.
ERNUR.KZ. Аталмыш фактіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп жазады Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 қазан күні сағат 23.15-те Екібастұз қаласының ауруханасына ЖШС машинисінің көмекшісі жарақатпен жүгінген.
"Сол күні сағат 20.00-де ЖШС-нің аумағында әйел адамның көмір беру контейнерін тексеру кезінде еденнің құлауы салдарынан 4 метр биіктіктен құлап кеткені анықталды", - дейді баспасөз қызметінде.
Зардап шеккен адамның жасы 24-те.