Бұл жайында қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Екібастұзда жылу желілеріндегі апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдай жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін күшінде болады, деп жазады tengrinews.kz.
Бұл жайында қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Азаматтық қорғау туралы заңның 48-бабына сәйкес, Екібастұз қаласының аумағында жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізіледі", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, 17 қабатты тұрғын үй, бес әлеуметтік және 21 заңды нысан әлі де жылусыз отыр.
Еске салайық, осыған дейін Екібастұз ЖЭО-сында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалғанын хабарлағанбыз.