​Экология тақырыбындағы бейнероликтер байқауы: қабылдау мерзімі ұзартылды

0
900

Жеңімпаздар дипломдармен, кітаптармен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бас жүлде – ноутбук.


​Экология тақырыбындағы бейнероликтер байқауы: қабылдау мерзімі ұзартылды

Республикалық бейнероликтер байқауының қорытындысы қыркүйекте белгілі болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» жобасын жүзеге асыру шеңберінде «Қазақстанның экологиялық қоры»ҚҚ экология тақырыбындағы бейнероликтер байқауына жұмыстарды қабылдау мерзімін ұзартады. Оған 7 жастан 18 жасқа дейінгі жас қазақстандықтар қатыса алады.
«Біздің байқаудың мақсат – өскелең ұрпақа табиғатты аялауды үйрету, оқушылардың экология саласындағы білімін арттыру. Қазақстандықтардың көптеген өтініштері бойынша біз бейнероликтерді қабылдау мерзімін 31 шілдеге дейін ұзартып отырмыз. Өз жұмыстарын жастар ecofond223@gmail.com поштасына жолдауы қажет», - деп атап өтті қоғамдық қорда.
Республикалық байқаудың қазылар алқасы ең үздік жұмыстарды мына тақырыптар бойынша таңдайды: «Қоқысты қайта өңдеу», «Менің үздік аулам», «Мен үйдегі суды қалай үнемдеймін», « «Ең үздік эковидео». Роликтің ұзақтығы екі минуттан аспауы тиіс.
Жеңімпаздар дипломдармен, кітаптармен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бас жүлде – ноутбук.
Байқаудың нәтижелері қыркүйекте белгілі болады.
Конкурс туралы толық ақпаратты «Қазақстанның экологиялық қоры» ҚҚ-ның ekofond.kz сайтынан білуге болады.

Айта кетейік, «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.