Екпе алмаған қазақстандықтарға SMS-құттықтау келген: ДСМ пікір білдірді

0
2 620

Вице-министр Бейбіт Есенбаев жағдайдың үш ықтимал себебін атады.


Екпе алмаған қазақстандықтарға SMS-құттықтау келген: ДСМ пікір білдірді

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар әлеуметтік желіде вакцинациядан өткені туралы SMS-құттықтаулар келіп жатқанын айтып шағымданды. Алайда шын мәнінде олар екпе алмаған. Тұрғындар осыдан біреулер "ақша таппақ" деп күдіктенген. Вице-министр Бейбіт Есенбаев жағдайдың үш ықтимал себебін атады, деп жазады tengrinews.kz.

Есенбаев айтқан себептердің бірі - адам факторы. Медицина қызметкері ақпараттық жүйеге басқа науқастың деректерін қате енгізуі мүмкін.

"Екінші нұсқа - медициналық ұйымдар тарапынан ақпаратты әдейі енгізу. Үшінші нұсқа - мобильді деректер базасына нөмірді енгізу кезінде қате болуы мүмкін", - дейді министрдің орынбасары.



Егер тұрғын да, оның балалары да екпе алмаған болса, бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарлау керек.

"Екінші нұсқа - eGovmobile мобильді қосымшасындағы eDensaulyq бөліміндегі ақпаратты түзетуге өтініш беру. Бұл электрон өтініш Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына да түседі және қажетті шаралар қабылданады", - деп сендірді Есенбаев.