Елде макарон өнімдері қымбаттады

0
884

Макарон өнімдерін өндіру бойынша Шымкент көш бастап тұр.


Елде макарон өнімдері қымбаттады

ERNUR.KZ. Қазақстанда макарон өнімдерінің бағасы бір жылда 11%-ға өсті, деп жазады baq.kz.

Energyprom.kz-тің зерттеу деректері бойынша, қаңтар-тамыз айларында елімізде 100,8 мың тонна макарон, кеспе, кускус және басқа да ұқсас макарон өнімдері өндірілген, бір жыл бұрынғыға қарағанда 13,3%-ға аз.

Макарон өнімдерін өндіру бойынша Шымкент көш бастап тұр. 17,8 мың тонна, жылына минус 16,3%. Сондай-ақ, үздік үштікке елорда (16,7 мың тонна, минус 19,2%) және Батыс Қазақстан облысы (15,1 мың тонна, минус 1,3%) кірді.

Қаңтар–шілде айы бойынша отандық компаниялар макарон өнімдеріне сұранысты (ішкі нарықта өткізу плюс экспорт) 82,3%-ға қамтамасыз еткен. Бір жыл бұрын көрсеткіш 84,7% болған екен. Импорт үлесіне тиісінше ресурстардың 17,7%-ы келді. Елге 18,9 мың тонна өнім әкелінген, өткен жылмен салыстырғанда 2,2%-ға көп.

Ішкі нарықта өткізу бір жылда 20,5%-ға, 71,3 мың тоннаға дейін азайған. Сонымен қатар экспорт 11,9%-ға, 35 мың тоннаға дейін артқанын көруге болады, - дейді сарапшылар.

Биыл тамыз айының қорытындысы бойынша макарон өнімдерінің бағасы бір айда 1,3%-ға және бір жылда 11,1%-ға өскен. Макарон өнімдері Атырауда (22%-ға), Қызылордада (18,4%-ға) және Қарағандыда (17,5%-ға) облыстарында айтарлықтай қымбаттап, қалтаға салмақ түсірген.

Кеспе 12,4%-ға, спагетти 11,5%-ға, вермишель 10,9%-ға, рожки 10,7%-ға қымбаттады, - деп нақтылады сарапшылар.
Қыркүйек айында еліміздің базарлары мен дүкендерінен кеспені 782 теңгеге, вермишельді 374 теңгеге, рожкиді 361 теңгеге сатып алуға болатын.
Қазақстанның Астық одағында макарон өнімдеріне бағаның өсуі нарықтағы шикізат құнының өсуінен деп отыр.
"Нарықта шикізат құны көтерілді. Биылғы құрғақшылықтың салдарынан отандық фермерлер өнімді аз алды, - дейді сарапшылар.