Елде жылқы тұқымының жаңа түрі пайда болады

0
140

Негізгі тұқым ретінде қазақтың ақбас жылқы тұқымы қолданылып жатыр.


Елде жылқы тұқымының жаңа түрі пайда болады

фото: акимат Жамбылской области

ERNUR.KZ. Абай облысында жылқы тұқымын асылдандыру жұмыстары жүргізілуде, деп жазады sputnik.kz.
"Өткен жылы шаруашылықта "Ертіс" атты қазақ жылқысының тағы бір асыл тұқымды түрі шығарылды. Бұл Бесқарағай ауданында екінші рет жаңа үлгідегі жылқыларды іріктеудегі сәтті қадам болды", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта өңір жағдайына бейімделген қазақтың ақбас тұқымы негізінде мүйізсіз ірі қараның жаңа түрін өсіру бойынша ғылыми жұмыстар жүргізілуде.
2022 жылы өңірде "Бесқарағай" атты жылқының жаңа түрі таныстырылған. Ол кез келген климат жағдайына өте төзімді етті әрі сүтті жылқылар. Жануарлар ірі – айғырлардың салмағы 700 келіге дейін, биелердің салмағы 600 келіге дейін жетеді. Жылқылар ерттеп мінуге де, жегуге де жарамды.