Елімізде "Айтайық жарапазан елімізге!" эстафетасы басталды

0
1 665

Жарапазан эстафетасына үн қосамын деуші жамағат карантин талаптарын сақтай отырып, игі бастаманы жалғастыра алады


Елімізде

Рамазан айының сүйіншісі саналатын насихат жырдың төресі, игі дәстүріміз – Жарапазанды жаңғырту мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздің барлық мекемелері мен тұрғындарына "Айтайық Жарапазан елімізге!" атты эстафета жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚМДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарапазан эстафетасына үн қосамын деуші жамағат карантин талаптарын сақтай отырып, игі бастаманы жалғастыра алады. Жарапазан жырын қысқаша видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге #Рамазан2021 хештегімен белгілеп, жариялау керек.

Он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айын сүйіншілеу, игі дәстүрімізді жалпы жұртқа насихаттау мақсатында қолға алынып отырған Жарапазан эстафетасын жалғауға сіз де үлес қосыңыз.