Елімізде электр энергиясына жаңа тарифтер енгізілуі мүмкін

0
635

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына жауап берді.


Елімізде электр энергиясына жаңа тарифтер енгізілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Үкімет басшысы электр энергиясы көтерме сауда нарығының жаңа моделін енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүгінгі таңда Үкімет электр энергиясын бірыңғай сатып алушы және нақты уақыт режимінде теңгерімдеуші нарық тетігі негізінде көтерме нарықтың жаңа моделін енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша тиісті түзетулер Сенат қарауында", - дедіҮкімет басшысы депутаттық сауалға берген жауабында.

Оның сөзінше, аталған модельге сәйкес электр энергиясына сағаттық тарифтер қарастырылатын болады. Бұл ірі көтерме тұтынушыларды, оның ішінде энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды кешкі уақытта күнделікті кестеден ауытқуды азайтуға, электр энергиясын ең аз сұраныс кезеңінде (түнде) төмен бағамен тұтынуға ынталандырады.