Елімізде ет пен ет өнімдерін тұтыну бір жыл ішінде 5%-ға төмендеген

0
474

​Жалғыз тұратын қазақстандықтар бір тоқсанда 36 келі ет өнімін тұтынса, ал бес адамнан құралған отбасының әр мүшесіне 15 келіден ғана ет келеді.


Елімізде ет пен ет өнімдерін тұтыну бір жыл ішінде 5%-ға төмендеген

ERNUR.KZ. Биылғы жылы бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша ет пен ет өнімдерін тұтыну жан басына шаққанда орта есеппен 19,8 келіге дейін төмендеді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,4% төмен, деп жазады inbusiness.kz.

Ет пен ет өнімдерінің көп бөлігін Павлодар облысының тұрғындары тұтынды: оларға 24 келіден келеді. Көрсеткіш бір жылда 1,9% өскен. Ең аз - шымкенттіктер тұтынған: 14,6 келі, бір жылда көрсеткіш 1,7% артты.

Биыл ет өнімдерін тұтыну өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 17 облыстың 10-ынында азайды. Ең төмен статистика Алматы мен Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді: сәйкесінше 12,5%-ға кеміп, әр өңірге 20,3 келі және 17,3 келіден келеді.

Ақмола облысында ет өнімдерін тұтыну -(-11,7%) 21,3 келіні құраса.

Ал елордада (-11,5%) 17,5 келіге төмендеген.

Ал Қостанай облысында ет тұтыну көлемі керісінше айтарлықтай өсті (+10%). Жан басына шаққанда 20,5 келіге жетті.

2020 жылы әрбір қазақстандық орташа есеппен айына 7 келі ет пен ет өнімдерін тұтынды - бұл 2019 жылмен салыстырғанда 5,6% -ға, 2015 жылмен салыстырғанда 14,3% -ға көп, ал 2010 жылмен салыстырғанда бірден 58,4% жоғары. Ай сайын ет өнімдерін тұтынудың орташа мөлшері соңғы 20 жылда 3,7-ден 7 келіге дейін өсті.

Ет өнімдерінің орташа тұтынуы отбасы мүшелерінің санына байланысты әр түрлі болады. 1 адамнан тұратын жанұялар тоқсанына орта есеппен 36,4 келі ет өнімін тұтынды, 2 адамнан - 28,3 келі, 3 адамнан - 21,8 келі, 4 адамнан - 18, 3 келі, 5 және одан көп адамнан тұратын отбасының бір мүшесіне 15,4 келі ғана ет келеді.

Сонымен қатар биылғы жылы ет өнімдерінің барлық түрлерін тұтыну алдыңғы жылмен салыстырғанда азайды. Тек жартылай фабрикаттар (+31,8%), сондай-ақ шұжықтар (+ 7,5%) сатып алу көлемі артты.