​Елімізде Тазару күніне екі мың жас белсене қатысты

0
147

Іс-шараларға еліміздің жетекші жастар және қоғамдық ұйымдары қатысты.


​Елімізде Тазару күніне екі мың жас белсене қатысты

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

ERNUR.KZ. 23 наурыз — Тазару күні еліміздің барлық өңірінде кең көлемде атап өтіліп, оған жастар белсенді атсалысты, деп жазады inform.kz.

Іс-шараларға еліміздің жетекші жастар және қоғамдық ұйымдары қатысты. Жалпы қатысушылар саны шамамен 2 мың адам.

— Айтулы бастамалардың бірі — экологиялық мәдениет пен жеке жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған «Өзіңнен баста» челленджі. Бастаманы «Jasyl El» жастар еңбек жасақтарының мүшелері қолға алып, ол бүкіл ел жастары арасында кең қолдау тауып, барлық өңірді қамтыды. Сонымен қатар өңірлік жастар ресурстық орталықтары мерекелік іс-шаралар аяқталғаннан кейін қоғамдық кеңістіктер мен Наурыз тойланған орындарды тазалау жұмыстарын жүргізді, — делінген ақпаратта.
Еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастары табиғи бұлақтар мен су көздерін тазартуға бағытталған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына белсенді қатысты.
Аталған іс-шаралар Наурыз дәстүрінде орныққан тазалық, табиғатқа жанашырлық және экологиялық жауапкершілік құндылықтары төңірегінде жастардың топтасуының жарқын көрінісіне айналды.

Осыған дейін қазақстандық еріктілер ел тұрғындарын «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын қолдауға шақырды.