Елімізде жаңа мектептердің құрылысына екі триллион теңгеден астам қаржы бөлінеді

0
718

Жобаны іске асыруға 2,4 трлн теңге бөлінеді.


Елімізде жаңа мектептердің құрылысына екі триллион теңгеден астам қаржы бөлінеді

ERNUR.KZ. Қазақстанда екі жыл ішінде 740 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 369 заманауи мектеп салынады, деп жазады stan.kz.

Жобаны іске асыруға 2,4 трлн теңге бөлінеді.

Премьер-министрдің баспасөз қызметі 369 жаңа мектептің 205-і қалаларда, 164-і ауылдарда салынатынын мәлімдеді. 217 ғимараттың құрылысы 2024 жылға, тағы 152 ғимарат 2025 жылға жоспарланған.

2022 жылдың қыркүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын әзірлеп, іске асыруды тапсырған. Сол кезде президент әрбір қазақстандық оқушының оқу және жан-жақты даму үшін лайықты жағдайлары болуы тиіс екенін атап өтті.