Елімізде жоғары оқу орындарының саны қысқарып жатыр

0
158

Мемлекеттік жоғары оқу орындарында 267,3 мың студент оқиды.


Елімізде жоғары оқу орындарының саны қысқарып жатыр

ERNUR.KZ. Елімізде 112 жоғары оқу орны бар. Оның ішінде 44 мемлекеттік, 67 жеке меншік оқу орны, деп жазады baq.kz.

Елімізде 77 университет, сонымен қатар 14 академия, 10 институт және консерваториялар, жоғары мектептер мен училищелер бар. 8 ұлттық жоғары оқу орны және 3 ұлттық зерттеу университеті жұмыс істейді. Жалпы студенттер саны – 592,7 мың адам. 65%-ы қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде, 9%-ы ағылшын тілінде білім алады. Студенттердің көбі жеке меншік жоғары оқу орындарын таңдайды. Бұл жерде 54% немесе 321 мың студент білім алады, - деді тәуелсіз сарапшы Ерлан Каримов.

Мемлекеттік жоғары оқу орындарында 267,3 мың студент оқиды.

Студенттердің 99,6%-ы күндізгі бөлімде, ал 0,4%-ы сырттай оқиды. 2023 жылы жеке меншік жоғары оқу орындарындағы студенттер саны 2018-2019 оқу жылымен салыстырғанда 30,2 мың адамға немесе 10,4%-ға өсті. Мемлекеттік жоғары оқу орындарында бұл көрсеткіш 21,4 мың адамға немесе 8,7%-ға артты.

Жоғары оқу орындарының саны қысқарып жатыр

Соңғы 5 жылда жоғары оқу орындарының саны 9,6%-ға азайды. Білім беру бағдарламаларының қысқаруының негізгі себебі – диплом ала алмаған студенттер санының өсуі. 2023 жылы осындай студенттердің жалпы саны - 68,7 мың адам.

Шымкент пен батыс өңірлерінде оқытушыларға жүктеме жоғары

Қазақстанда штаттық оқытушылар саны 37,4 мың адам. Әр оқытушыға орта есеппен 16 студенттен келеді. Шымкентте бұл көрсеткіш 24 студентке дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында бұл көрсеткіш ең төмен – 12 студент.

Педагогика, инженерия және медицина ең танымал ғылым салалары

Мемлекеттік гранттар негізінде оқитын студенттердің ең танымал 5 мамандығы:

- Инженерлік және құрылыс салалары – 19,8 мың;

- Педагогика – 14,8 мың;

- Ақпараттық технологиялар – 11,8 мың;

- Жаратылыстану ғылымдары мен математика – 7,4 мың;

- Медицина – 3,2 мың.

Ақылы негізде оқитын студенттердің ең танымал 5 мамандығы:

- Педагогика – 31 мың;

- Бизнес және құқық – 20,4 мың;

- Инженерлік және құрылыс салалары – 10,3 мың;

- Медицина – 9,9 мың;

- Өнер және гуманитарлық ғылымдар – 7,4 мың.

Көптеген жоғары оқу орындары оқу процесінде компьютерлерді қолданады

Компьютерлері ең аз қолданылатын өңірлер:

- Солтүстік Қазақстан облысы – 57%;

- Абай облысы – 70%;

- Ақтөбе облысы – 88%;

- Алматы қаласы – 94%;