Еліміздегі әскери ұшақтар коммерциялық негізде пайдаланылуы мүмкін

0
224

Қазір заңнамалық деңгейде ақылы негізде мемлекеттік авиацияны тарту нормасы жоқ.


Еліміздегі әскери ұшақтар коммерциялық негізде пайдаланылуы мүмкін

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігі мемлекеттік авиация қызметінің мәселелері бойынша түзетулер дайындады, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомствоның мәліметіне сәйкес, Қазақстанда заңнамалық деңгейде ақылы негізде мемлекеттік авиацияны тарту нормасы жоқ. Бұл Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) ұсынылатын практика стандарттарына сәйкестігі.

"Шет мемлекеттер Қарулы Күштерінің әскери-көліктік авиацияны пайдалану тәжірибесін зерделеу барысында (Ұлыбритания, Корея Республикасы, Германия Федеративтік Республикасы, Түркия, Египет Араб Республикасы , Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы) ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттарын қолдайтын бірқатар елдер қарулы күштердің әуе кемелері азаматтық мақсатта ақылы негізде тартатыны анықталды", - делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта.

Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі әскери-көлік авиациясын, оның ішінде коммерциялық мақсаттарда пайдалану бойынша заңнамалық шаралар кешенін пысықтады.

"Қарулы Күштердің әуе кемелерімен коммерциялық жүк тасымалын негізгі арналуы бойынша міндеттерді орындау үшін нұқсан келтірмей, әскери бөлімдер мен бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігі сақталған жағдайда Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемелері немесе мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асыруы мүмкін", - деп хабарлады министрлік.

Бүгінгі таңда Қарулы Күштері әскери-көліктік әскери авиацияның 15 әуе кемесін пайдаланады. Жыл сайын оларды жөндеуге және қызмет көрсетуге шамамен 7 млрд теңге бюджет қаражаты жұмсалатыны жазылған. Қорғаныс министрлігі авиациялық техниканы сатып алуға, жөндеуге және жаңғыртуға бөлінетін лимиттер пайдалануды аяқтайтын әуе кемелерін уақтылы ауыстыруға мүмкіндік бермейтінін айтып отыр.