Қаулы 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап өз күшіне енеді.
ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 ақпандағы қаулысы қабылданып, ол бойынша жаңа Бірыңғай байланыс орталығы анықталды, деп жазады zakon.kz.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Бірыңғай байланыс орталығы ретінде анықталсын, делінген құжатта.
Бұған дейін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Бірыңғай байланыс орталығы ретінде анықталған болатын.
Қаулы 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап өз күшіне енеді.