​Эльмира Суханбердиева білім және ғылым вице-министрі қызметіне оралды

0
2 057

Ол өз орнына келген Талған Ешенқұловты алмастырды.


​Эльмира Суханбердиева білім және ғылым вице-министрі қызметіне оралды

ERNUR.KZ. Эльмира Суханбердиева білім және ғылым вице-министрі қызметіне оралды, деп жазады Tengrinews.kz. Бұл мәліметті министрліктің баспасөз қызметі растады.

БҒМ өкілдері Эльмира Суханбердиева 2018 жылы 17 қыркүйекте ҚР Еңбек кодексінің 100-бабы 4-бөлігіне ("Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс") сәйкес өз қызметіне оралды.

Ол өз орнына келген Талған Ешенқұловты алмастырды. Ешенқұловтың тағайындалуы жайлы ресми құжатта Суханбердиеваның балаға қарау үшін демалысқа шыққаны жазылған.

14 қыркүйекте Ешенқұлов білім және ғылым министрлігінің вице-министр қызметінен босатылып, білім және ғылым саласында бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалған еді.

Эльмира Суханбердиева "Болашақ" стипендиясының иегері тізімінде болған. Кейінірек Суханбердиева өзіне стипендияның қалай тағайындалғанын түсіндірген еді.