Мектеп оқушылары арасында 752 коронавирустық жағдай тіркелді.
ERNUR.KZ. Елордада 21 мектеп карантинге жабылды. Жалпы, оқу жылы басталғаннан бері 75 мектеп карантинде болған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады, деп жазады baq.kz.
1 ақпаннан бастап мектеп оқушылары арасында 752 коронавирустық жағдай тіркелді. Оның ішінде 156 – кезекші сынып оқушылары. 596 жағдай қашықтан оқитын студенттер арасында болып отыр. Студенттер арасында коронавирус инфекциясының жалпы 145 жағдайы анықталды. Олардың 32-сі колледж, ал 113-і жоғары оқу орындарының студенттері. Оффлайн форматта білім алушылардың арасында коронавирус анықталғандары - 4 студент. Оның ішінде екі студент Қазақ ұлттық Өнер университеті мен Назарбаев Университетінде, ал тағы екі студент Политехникалық және Көбейінді колледждердің білім алушылары, - дейді Сархат Бейсенова.
Ол, сонымен қатар жыл басынан бері 140-тан астам карантидік шараны бұзу жағдайы тіркелген. 124 жеке және заңды тұлға 31 млн теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың арасында 75 бизнес субъектісі – 28 миллион теңге, 49 жеке тұлға – 2 900 000 теңге айыппұл төлеген. Әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 33 бизнес субъектісінің ісі сотқа жіберілген.