Өрт сөндірушілер келгенше аурухана қызметкерлері 200 адамды сыртқа шығарды. Өрт сағат 14:04-те ауыздықталып және 14:08-де толық сөндірілді.
ERNUR.KZ. Ана мен бала орталығынан өрт шығып, 200-ден астам адам эвакуацияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады ҚазАқпарат.
«7 сәуір күні сағат 13:50-де Нұр-Сұлтан қаласының «101» пультіне Тұран даңғылындағы Ана мен бала орталығындағы өрт туралы хабар келіп түсті. Ғимараттың «Б» бөлігінде астыңғы қабатта электрқалқан кабелінен от тұтанған. ТЖ аумағы 0,5 шаршы метрді құрады», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайдар комитетінің баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілер келгенше аурухана қызметкерлері 200 адамды сыртқа шығарды. Өрт сағат 14:04-те ауыздықталып және 14:08-де толық сөндірілді.
Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.
«Оқиға себептері анықталып жатыр. Өрт орнына астаналық ТЖД 8 жеке құрамы мен 2 техникасы жұмылдырылды», - делінген ресми хабарламада.