Елордада оң және сол жағалауды жалғайтын көпірдің құрылысы басталды

0
825

​Тәуелсіздік даңғылындағы Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы 2023 жылы аяқталады деп жоспарлануда.


Елордада оң және сол жағалауды жалғайтын көпірдің құрылысы басталды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталды, деп жазады sputnik.kz.

Көлгінов қала жолдарында кептелісті азайту үшін жаңа көпірлер мен көлік жолайрықтарын салу, автобус жолақтарын қосымша іске қосу жұмыстары жүріп жатқанын атап өтті.


"Тәуелсіздік даңғылында Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталды. Бұған дейінгі сот процесі құрылыс жұмысы мен мерзіміне айрықша әсер етті. Қазір проблеманың бәрі шешіліп, көпір құрылысы басталды", - деп жазды әкім Instagram-да.

Айтуынша, жаңа көпір Тәуелсіздік даңғылын, жаңа теміржол вокзалы ауданын, Әзірет Сұлтан мешіті ауданын, Қошқарбаев даңғылын, Нәжімеденов көшесін, Байтұрсынов көшесін, Қордай көшесін, Айнакөл көшесі мен Момышұлы даңғылын сол жағалаумен байланыстырады.

Тәуелсіздік даңғылындағы көпір пайдалануға берілгеннен кейін Мәңгілік ел даңғылындағы жүктеме 20%-ке дейін төмендейді деген болжам бар.

Әкімдік көпір құрылысын 2023 жылы аяқтауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, Көлгінов Ұлы дала даңғылында да көпір салынып жатқанын хабарлады.

Оң және сол жағалауды жалғайтын көпір Мәңгілік ел даңғылының, Ж.Нәжімеденов, А.Байтұрсынов, Р.Қошқарбаев көшелерінің, Nova city ауданының, "Мыңжылдық" аллеясының жүктемесін азайтады. Жаңа "Нұрлы жол" вокзалына, Тельман елді мекеніне, Метро гипермаркеті ауданына, Промышленный елді мекеніне, Жұмабаев даңғылы мен Жүргенов көшесіне баруды жеңілдетеді.

Қала әкімдігінің ақпаратынша, биыл және былтыр 300-ге жуық көше салынып, жөнделді. Олардың жартысынан көбі елді мекендерде орналасқан.

Сондай-ақ жаңа бағыттар, автобус желілері іске қосылды, автобус паркі жаңартылып жатыр.

Мұның бәрі тұрғындарға қала ішінде ыңғайлы қатынауға, жол уақытын қысқартуға және қаланы мобильді етуге мүмкіндік береді, деп түйіндеді Көлгінов.