Елордада созылмалы дерті бар жандарға дабыл қаққыш білезіктер таратылады

0
1 168

Оқыс жағдай орын ала қалса, дәрігерлер білезіктегі QR-коды арқылы науқас жайлы ақпаратты алады


Елордада созылмалы дерті бар жандарға дабыл қаққыш білезіктер таратылады

ERNUR.KZ. Созылмалы ауруға шалдыққандарға медициналық дабыл қаққышы бар арнайы білезік тағылады, деп жазады 24.kz.

Құрылғы жүрек ауруына шалдыққан, қан қысымы жоғары науқастарға арналған. Яғни естен танып құлап қалуы мүмкін жандар үшін қолайлы.

Мәселен, оқыс жағдай орын ала қалса, дәрігерлер білезіктегі QR-коды арқылы науқас жайлы ақпаратты алады. Бұдан бөлек білезікте науқастың туыстарының телефон номерлері көрсетілген. Егер біреу білезіктен қандай да бір ақпарат алса, науқастың жақындарына автоматты түрде хабарлама келеді. Бұл әзірге пилоттық жоба. Бас қаладағы қолға алынған шараға №4,9,10 емханалар қатысуға ниет білдірген. Қазір созылмалы дертке шалдыққан науқастарға арнайы білезіктер тегін берілуде.

Қамалжан Надыров, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: - Жыл сайын шамамен 500-ден астам адам естен танып құлаған күйінде ауруханаға жеткізіледі. Мұндай жағдайда дәрігерлер қандай көмек көрсету керектігін білуі тиіс. Әсіресе науқас жайындағы ақпарат қажет. Оның бәрі адам өміріне араша түсуі үшін маңызды. Статистикаға сүйенсек, Астананың өзінде 60 мыңға жуық адам естен тану қаупі бар науқас ретінде тіркеуде тұр. Сондықтан алдағы уақытта оларға тегін тарату жоспарда бар. Бірақ бұл әзірге пилоттық жоба.

Шолпан Еликеева, қала тұрғыны: - Егер мен естен танып құлаған жағдайда QR-код арқылы мен жайлы ақпаратты алады. Онда қандай дәріге аллергиям бар екендігіне дейін көрсетілген. Бір жақсы жері жақындарыма бірден ақпарат барады. Яғни оқыс жағдай бола қалса, мені іздеп алаңдамайды.